Өңірде қауіпсіздік шарасына байланысты 650 рейд өткізілді
ШҚО-да орташа тәуліктік температура нөлден жоғары деңгейге жетіп, мұз үлкен жылдамдықпен еріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл сайын көктем кезінде балықшылар мен балалар мұздың жылдам еруі салдарынан жазатайым жағдайға жиі тап болып жатады.
«ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік рейдтерін жандандырды, олар азаматтарға балық аулау кезінде өз өмірлеріне қауіп төндірмеу керектігін түсіндіреді. Барлығы 650 алдын алу рейді өткізіліп, 4200 азамат қамтылды. Құтқарушылар күннің жылынуына байланысты су айдындарындағы мұздың қалыңдығы азайып, қазіргі уақытта мұзға шығу өмірге қауіп төндіреді», - делінген хабарламада.