Алматы қалалық білім басқармасы желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді
Алматыдағы балабақшалардың бірінде егеуқұйрықтардың жүрген видеосы желіде тарады. Бейнежазбадан екі бірдей егеуқұйрықтың балалардың ұйықтайтын бөлмесінде жүргені көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық білім басқармасы желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.
«Түскен арыз-шағымдарға байланысты 16 наурыз күні балабақшада дезинфекция және дератизация шаралары жүргізілді. Білім басқармасы балабақша қызметін бақылау үшін комиссия құрды, оның қорытындысы бойынша балабақша әкімшілігіне тиісті шаралар қолданылады», – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасы.