Демократияның басты көрінісі - халықтың мемлекетке қожайын болуы
Бейжіңдегі «Демократия: ортақ адами құндылықтар» тақырыбында үшінші халықаралық форумында демократия ұғымының қытайлық стилі талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruty.
Жиынға дипломаттар мен шетелдік миссия өкілдері, БАҚ құралдарын қосқанда 200-ге жуық адам қатысты. ҚКП қоғаммен байланыс орталығы төрағасының орынбасары Ван Ган демократия адамзаттық өркениет дамуының алғышарты болатыны жайлы айтады.
«Халықты қытайлық стильде дамытудың нәтижесінде 1,4 млрд адамның жаңғыртуы жүзеге асырылды. Ал ол экономикадағы қарқынды өсім мен ұзақмерзімді ілгерілендіруге мүмкіндік берді. Қытай стиліндегі демократияның негізі халықтың құқығын сақтау. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин айтағандай, халық елдің қожайыны болғанда демократияға негіз пайда болады. Яғни, халық елдің тағдырында қаншалықты рөл атқарады. Халық сайлау кезінде қандай уәдені тыңдады, сайлаудан кейін ол уәденің қаншасы орындалатыны маңызды», - деді Ван Ган.
Ол атағандай, шенеуніктер халыққа берген уәделерін орындауы керек.
«Қытай халық елдің қожайыны деген ұстанымды басшылықта ұстайды. Қытай стиліндегі демокрстияның ерекшелігі де осында. Демократияны барлық салада жүзеге асыру үшін шешімдер халықпен ақылдасу арқыл шешілуі керек», - деді ол.
Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясынын президенті Гао Нанг жаһандық көзқараста демократия үнемі дамып отыратын құндылық.
«Қытайдағы қазіргі демократияның тамыры қытайдың ұлттық сал-дәстүріне бойлайды. 75 жыл бұрын ҚХР құрылды. Елдің ғылыми тәжірибесіне өту өте маңызды. Қазір әлемде тарихи өзгерістер болып жатыр. Алайда адамзаттың ортақ дамуы өзгермейді. Халықаралық қауымдастықтағы адам тағдыры да өзгермейді. Бізге белгілі бір сын-тегеуріндерге қарсы тұру аясында бірігуіміз қажет», - дейді ғалым.
Сhina International Communications Group президенті Ду Чжанюань әлемдегі әрбір ел белгілі бір проблемаға душар болатынын айтты.
«Тіпті дамыған елдердің өзі партияаралық түсініспеушіліктерге тап болып жатады»,- деді ол.