Қазақстанда қымыз өндірісі артты

Автор: Аманалина Тоғжан

Өткен жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6% өскен

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда қымыз өндірісі артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың 12 айында қымыз өндірісі 10,6% өсіп, 2 463 тоннаға жеткен.

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 236 тоннаға артық.

Өндірістің өсу себептерінің бірі - бие сүтін өңдеу көлемінің ұлғаюы. Егер 2017 жылы фермерлер мен жеке аулалардың иелері 26,6 мың тонна сауын туралы есеп берсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 29,4 мың тоннаны құрады.