Данияр Қадыров вице-министр қызметінен босатылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол бұл лауазымды 2022 жылдың наурыз айынан бастап атқарды

Фото: primeminister.kz

Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.