Өтемдік тариф бір жыл бойы күшінде сақталады
«Павлодар-Водоканал» ЖШС-ын тексерген өңірлік табиғи монополияларды реттеу департаменті 155 млн теңгенің заң бұзушылығын анықтады. Жоғарғы Сот департаменттің қаулыларын негізді деп таныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Монополистің бекіткен тарифі сметаға сәйкес еместігі анықталған. Табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық кемшілікті есепке ала келіп, монополиске тұтынушылардың жалпы сомасы 177,6 млн теңгесін қайтаруға міндеттеді.
Өтемдік тариф бір жыл бойы күшінде сақталады және тұтынушылар әдеттегіден 2% төмен бағамен түбіртек алады.