15.03.2024, 17:23
Қоғам
Төртінші Ұлттық құрылтай Көкшетауда өтеді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші Ұлттық құрылтайда мәлімдеді
Фото: akorda.kz
Төртінші Ұлттық құрылтай Көкшетауда өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Сарайшықта өтіп жатқан үшінші Ұлттық құрылтайда мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.
Әйгілі Қасым хан Сарайшықта, Абылай хан Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», - деп Мемлекет басшысы Атыраудағы жиынды қорытындылады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды