$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев шетелде қара жұмыс істеп жүрген азаматтарды менсінбей жүргендерге үндеу жасады

Президент солтүстік өңірде жұмыс күші жетпей жатқанын айтты

Тоқаев шетелде қара жұмыс істеп жүрген азаматтарды менсінбей жүргендерге үндеу жасады
Фото: Әсет Құндақбаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында шетелде қара жұмыс істейтін көрші елдің адамдарына менсінбей қарайтындарға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бала есейген соң қанаттанып, ұядан ұшуға тиіс. Басқа аймақтарда, тіпті, шетелде білім алуы қажет. Өзге жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көргені абзал. Сондай-ақ қай жерде өзіне және еліне пайдасы тисе, сол жерге барып еңбек етуі керек», - дейді Президент.

Оның айтуынша, бүгінде солтүстік аймақтарда жұмыс күші жетіспейді.

«Ол жақта тегін білім алуға, жақсы жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекет беріп отырған осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Біз мыңдаған шақырым жерде көшіп-қонып жүрген көшпенділердің ұрпағы екенімізді ұмытпайық. Қазіргі жастар заманауи көшпенділіктің жақсы жақтарын игере білуі керек. Көші-қон – дүние жүзіне ортақ қалыпты құбылыс. Біз шетелге барып, қара жұмыс істеп жүр деп, көрші елдің азаматтарын менсінбей қараған адамдарды да көрдік. Шын мәніне келгенде, сол шетелде жүрген адамдар жаңа дағдыларды игереді, жаңа кәсіптерді меңгереді. Олар өз елінің экономикасын дамытуға едәуір үлес қосып жүр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары