Қостанайда бұрынғы сот орындаушысы борышкерлердің 6 млн теңгесін иемденіп кеткен

Автор: Мира Байбек

Бұл қаржы қарызды өндіріп алушыларға берілуі тиіс болған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұрынғы жеке сот орындаушысы Н. лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына 6 млн теңгеден астам ақша жеке шотына аударып алғаны анықталды.

Бұл ақша қаражаты – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомасы», - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.