Төрт өңірде инфекция жұқтырған тағы 20 науқас тіркелді
4 сәуір сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 19 адам тіркелді. Алматы қаласында – 4 адам, Түркістан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 4 адам, Қостанай облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 6 адам.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1199-ға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 268;
- Алматы қаласы – 350;
- Шымкент қаласы – 39;
- Ақмола облысы – 79;
- Ақтөбе облысы – 11;
- Алматы облысы – 24;
- Атырау облысы – 63;
- Шығыс Қазақстан облысы – 8;
- Жамбыл облысы – 49;
- Батыс Қазақстан облысы – 11;
- Қарағанды облысы – 78;
- Қостанай облысы – 5;
- Қызылорда облысы – 119;
- Маңғыстау облысы – 10;
- Павлодар облысы – 10;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26;
- Түркістан облысы – 49.
Өкінішке қарай, осы күнге дейін Қазақстанда коронавирустан 14 адам көз жұмды. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны 150-ге жетті.