Алматы облысында ауыл үйлерін су басып қалды

Қосқұдық ауылында жиналған суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматы облысында ауыл үйлерін су басып қалды
Фото: Видеодан кадр

Алматы облысының Қосқұдық ауылындада бірнеш үйдің ауласын су басып қалды.Тұрғындардың еріген қар суымен алысып жатқанарына бір тәуліктен асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.    

Түрксіб көшесінде 5 үйдің аумағына су кірген. Көшеде барлығы 30 тұрғын үй бар. ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштеріммен инженерлік техниканы пайдалана отырып, жиналған еріген суды бұру арықтарды қазу әдісімен жүргізіліп жатыр.

«10 наурыз сағат 17:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласы Қосқұдық ауылында ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+5С жылуға дейін) қардың күрт еріп, Қосқұдық ауылының солтүстік-батыс бөлігінен егістіктерден және жазық жерлерден еріген судың келуі туралы хабарлама келіп түсті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. 11 наурыз сағат 11:00-дегі жағдай бойынша судың деңгейі төмендеді, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде, арықтарды қазу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖ Департаментінің 30 қызметкері, 5 техника бірлігі және 3 мотопомпасы, жергілікті атқарушы органдардың 4 адамы мен техникасы жұмылдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.