Экс-министрге өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылып отыр
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді.
Еске салсақ, экс-министрге 2023 жылдың қараша айында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды.
Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Авторы: Айжан ТЕМІРХАН