Қазақстанда 80-нен астам жас ғалым баспаналы болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Мәжіліс отырысында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы қаралды

Фото: freepik.com

2023-2027 жылдарға арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша елімізде 80-нен астам жас ғалым баспана алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ғалымдарды ынталандыру мақсатында қазақстандық ғалымдарға тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға құқық беру бөлігінде, қазақстандық ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ететін субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру бөлігінде бірқатар түзетулер көзделген», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс отырысындағы баяндамасында.

Жас ғалымдарды ғылымға тарту үшін 2023 жылғы 19 қазанда алғаш рет Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ (Банк қаражаты есебінен) арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Осы Келісімді іске асыру мақсатында «Отбасы банкі» АҚ 2023 жылғы 1 желтоқсанда аталған кредиттеу бағдарламасын іске қосты.

Авторы: Айжан ТЕМІРХАН