Олардан коронавирус анықталған жоқ
13 сәуірде Атырау облысындағы «КТК» телеарнасының операторы мен меншікті тілшісі карантиндік стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.
«БАҚ өкілдерінен коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Түстен кейін оператор мен журналист карантиндік және провизорлық стационардан шығып, үй карантиніне жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, БАҚ өкілдері карантиндік нысанның аумағына кіріп, ТЖ режимін бұзған және жақын байланыста болған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған.