Қазақстандық ата-аналар балаларын әлеуметтік желіде қорғауға машықтанады - ЮНИСЕФ

Автор: Аманалина Тоғжан

Зерттеу бойынша ата-аналар 4 жасқа толған баласына жеке гаджет сатып алады

Фото: Azattyq Ruhy/Әсет Құндақбаев

Қазақстанда балалардың онлайн қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға арналған білім беру науқаны басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, «Касперский Зертханасы» халықаралық ұйымы және ЮНИСЕФ Қазақстанның бес қаласында ата-аналар үшін балалардың онлайн қауіпсіздігі бойынша тегін мастер-класстарын жүзеге асырады. Бірінші мастер-класс 28 ақпанда Алматы қаласында өтті.

«Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың көпшілігі интернетті 5 жастан кіші жаста қолдана бастайды, бұл олардың алдында онлайн-кеңістіктегі қауіпсіздік бойынша бірқатар сын-қатерлер туғызады. Қауіпсіз пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз етудегі ата-аналардың рөлі онлайн ортада балаларды тиімдірек қорғау үшін маңызды.

Мұндай іс-шараны Қазақстанның Алматы, Түркістан, Ақтау, Семей және Қостанай сынды бес қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Сарапшылар ата-аналарға балалардың күнделікті желіде кездесетін ықтимал қауіптері туралы айтып береді, сонымен қатар желідегі балалардың қауіпсіздігін жақсарту әдістерімен бөліседі. Сонымен қатар, интернетті пайдалануға байланысты балалардың психикалық денсаулығы, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас, желідегі балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша ата-аналарға арналған лайфхактар мәселелері талқыланады.

Оқыту Қазақстанда балалар мен ата – аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруда, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік Кешенді жоспарды іске асыруға үлес қосады.

«Гаджеттер бүгінде адамдардың, әсіресе балалардың өмірінің ажырамас бөлігі. «Касперский зертханасы» зерттеуінің деректері бойынша, Қазақстандағы ата-аналардың 21% - ы 4 жасқа толғаннан кейін балаларға өз гаджеттерін сатып алады. Сонымен қатар, барлық ересектер жас пайдаланушыларға кибер сауаттылықтың негізгі ережелерін түсіндіре бермейді. Дегенмен, мұны істеу өте маңызды, өйткені бұл салада білімнің болмауы балалар мен олардың ата-аналарының қауіпсіздігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Мысалы, біздің сауалнама көрсеткендей, Қазақстандағы әрбір оныншы ата-ана (9%) желідегі баланың қателігі нәтижесінде ақша жоғалтқан», - деп түсініктеме берді «Касперский Зертханасының» мемлекеттік құрылымдармен жұмыс жөніндегі менеджері Қайыржан Әбдірахманов.

ЮНИСЕФ өкілі ата-аналарға гаджетті пайдаланудың қауіпсіз жолдары түсіндірілетінін айтты.

«Күн сайын балалар желіге кіреді: достарымен байланысқа шығады, бейнелер мен фильмдер көреді, онлайн ойындар ойнайды, сонымен қатар білім алу үшін интернетті пайдаланады. Интернет балаларға білім алуға, қарым-қатынас жасауға және бөлісуге жаңа мүмкіндіктер береді, алайда, егер сіз балаға желідегі ережелерін түсіндірмесеңіз, олар фишингтік сілтемеге өту немесе зорлық-зомбылықтың немесе аңдудың құрбаны болу сияқты ықтимал қауіптерге тап болуы мүмкін. Ата-аналар мен мұғалімдер өз кезегінде балаларға гаджеттерді қауіпсіз пайдалану негіздерін үйрету маңызды. ЮНИСЕФ бұл мәселеде «Касперский зертханасымен», Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шаралар арқылы ата-аналарға қолдау көрсетуге қуанышты. Интернеттегі баланың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі АКТ саласының рөлі маңызды және біз халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сүйене отырып, осы бағыт бойынша бизнес секторымен ынтымақтастықты жалғастырамыз», — деді, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өкілінің міндетін атқарушы Летисия Баззии-Вейл.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ