$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы халықаралық жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист қатыспақ

Шымбұлақта шаңғышы-журналистер арасында халықаралық  жарыс өтеді 

Алматыдағы халықаралық жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист қатыспақ
Фото: Әсет Құндақбаев

Қазақстанға әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист жиналмақ. Олар 3-6 наурыз аралығында  Алматыда өтетін SCIJ (Халықаралық журналистердің шаңғы клубы) клубының 69-шы отырысына қатысып, одан кейін үш күн қатарынан өзара жарысқа түспек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Клуб президенті қызметін канадалық Фредерик Уоллас, ал бас хатшы ретінде бельгиялық Бруно Шмиц атқарады. Клубтың негізін 1955 жылы саяси қайшылықтарды жеңу үшін спортты пайдалану идеясын ұсынған журналист және шаңғышы француз Жиль де Ла Рок қалаған.

Жыл сайын клуб мүшелері әлемнің әр елінде өзара жарыс өткізіп, кәсіби және саяси мәселелерді талқылау үшін жиналады. Былтыр бұл шара Канадада Marble Mountain шипажайында ұйымдастырылса, биыл ол Алматыдағы «Шымбұлақ» тау курортында өтпек.

«Біз SCIJ халықаралық отырысын өткізу құқығын 2020 жылы жеңіп алдық. Бірақ пандемияға байланысты оны 2021 жылдан 2024 жылға ауыстыруға тура келді. Халықаралық клубтың қазақстандық филиалының журналистері шетелдегі әріптестерінің елімізде ерекше әсер алып кетуі үшін көп күш жұмсауда», - деді SCIJ Қазақстан президенті Ирина Баженова. 

SCIJ (Халықаралық журналистердің шаңғы клубы) 31 ел мен үш континенттен үш мыңнан астам белсенді журналистерді біріктіреді.Кездесуде саяси және кәсіби тақырыптар талқыланады. Кездесу өткізген елдің жетістіктері, салт-дәстүрлері, мәдениеті мен ұлттық тағамдарымен танысады. Қысқасы, әр елдің журналистері бір-бірімен етене танысуға мүмкіндік алады. 

Кездесудің басты себебі журналистер арасындағы тау және шаңғы жарысы болмақ. 

«SCIJ клубына Қазақстан 2013 жылы қабылданды, содан бері қатысушылар саны 45 адамға дейін өсті. Клубтың қазақстандық бөлімі халықаралық іс-шараларға қатысу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы қысқы спорт түрлерін, еліміздің туристік әлеуетін және жетістіктерін белсенді түрде насихаттайды. Биыл елімізде бірінші рет өткізіліп жатқан жарыс шетелдік журналистер арқылы Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттап, қазақтың салт-дәстүрін көрсетуге мүмкіндік береді», - деді клубтың президенті. 

Серіктес жаңалықтары