Мәжіліс ТМД аясында эпидемиологиялық ынтымақтастық туралы заңды қабылдады

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл ретте тараптар бір-біріне өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және ерікті түрде көмек көрсетеді

Фото: senate.parlam.kz

Мәжіліс ТМД қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Келісімге 2022 жылғы 28 қазанда Астана қаласында Достастыққа мүше мемлекеттердің аумағында санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою ісінде ынтымақтасуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында қол қойылды.

Бұл ретте тараптар бір-біріне өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және ерікті түрде көмек көрсетеді.

«Келісімнің маңызды тармақтарының бірі – мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалардың іс-қимылының жеделдігі, төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың мемлекеттік шекарадан өтуі қажет болған жағдайда ұзаққа созылатын рәсімдерді жою.

Естеріңізде болса, 2020 жылы басталған әлемдік қауіпті пандемия кезінде мемлекеттердің бір-біріне көмек көрсетуінде өзара халықаралық заңдық тетіктердің болмауы көп кедергі жасап, қаншама адамдардың қазасына соқтырғаны мәлім», - деді депутат Қызыбек Иса.

Құжатта Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалар жоқ.

Авторы: Айжан ТЕМІРХАН

Тегтер: