ШҚО-да қайтыс болған науқас ауруханаға ауыр жағдайда жеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Түнде екі рет жүрек қызметі тоқтаған

Фото: ашық дереккөзден

41 жастағы әйел адам 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда провизорлық стационарға жеткізілді. Одан CОVID-19 талдаулары алынып, нәтиже оң болып шықты. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Нәтиже алынғаннан кейін науқас инфекциялық стационарға, қарқынды терапия палатасына ауыстырылған. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

«Пациентте СОVID-19-дан басқа, 2 жақты ошақты пневмония, солжақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, уытты миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдром, ауыр алкогольдік улану анықталды. Науқаспен реаниматолог бригадасы жұмыс істеді. Кейін ИВЛ аппаратына қосылды, реанимациялық іс-шаралар жүргізілді. Түнде екі рет жүрек қызметінің тоқтауы, сондай-ақ екі рет реанимация сәтті өткен. Алайда, жүрек қызметі қайтадан тоқтаған кезде, реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, биологиялық өлім анықталды», - делінген ақпаратта.

Өкінішке қарай, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны 11-ге жетті.