$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2024, 15:28
Қоғам

Павлодар облысының Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды

Қазір аймақта су төмен қысыммен берілуде

Павлодар облысының Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысында Майқайың кентіндегі суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті жерде жұмыстар жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде қатып қалу мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмірмен және ағаш шпалдармен жылытып жатыр.

«Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Резервуар тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары