$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.02.2024, 06:15
Қоғам

Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды

Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған

Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды
Фото: almaty-cgkb.kz

Алматының орталық клиникалық ауруханасында пациенттердің ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

 Бас дәрігер мен оның ауруханадағы эпидемиологиялық жағдайға жауапты орынбасары қызметінен босатылды. Ал ота жасау кезінде стандартың сақталуын қадағаламаған екі мейірбикеге тәртіптік жаза қолданыпты. Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған.

 «Былтыр шілде айында Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Тексеру жүргізген комиссия бұл сұмдық жағдай адами фактормен, атап айтқанда, орта медперсоналдың инвазивті манипуляция жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді. Қазір ВИЧ-инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталыққа диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. Оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажет медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов.

Серіктес жаңалықтары