22.02.2024, 16:04
Қоғам
Астанада пара алған адвокат 11 жылға сотталды
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды
Фото: freepik.com
Елордада адвокат өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған. Сотталушы алаяқтық жолмен алған қаражатын өз қызметінің ақысы ретінде көрсетіп, алқабилер сотын сендіргісі келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Бірақ алқабилер оның бірнеше рет алаяқтық жасағанын және қорғауындағы азаматтарды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырып, 11 жылға соттады.
Ал алынған пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілетін болды. Үкім заңды күшіне енді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды