$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Абсурд және әлеуметтік кемсітушілік»: сенатор өндірістегі еңбек қауіпсіздігі жайлы

Тек 2022 жылы еңбек ету кезіндегі 2449 адам жазатайым оқиғадан зардап шеккен

«Абсурд және әлеуметтік кемсітушілік»: сенатор өндірістегі еңбек қауіпсіздігі жайлы
Коллаж: Azattyq Ruhy / фото: Qarmet бспасөз қызметі

Сенаттың жалпы отырысында сенатор Серік Шайдаров Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында еңбек қауіпсіздігі мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сенатор Ұлытау облысына сапары кезінде сайлаушылармен кездесуде депутаттардың атына «Қазақмыс» корпорациясында жұмыс істеген кезде жарақат алған, кейіннен мүгедектікке ұшыраған азаматтардан көптеген өтініштер түскенін хабарлады. Депутаттың айтуынша, жарақат алған және жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан адамдарға төлемдер тек зейнеткерлікке шыққанға дейін ғана төленетіні басты мәселе болып отыр.

«Сондай-ақ жұмыскерлер ҚР Азаматтық кодексінің 983-бабының 6-тармағын қайтару мәселесін көтеруде, ол жұмыс берушінің сол кәсіп пен біліктіліктегі қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұлғайту кезінде өндірістік жарақат алған қызметкерге жоғалған жалақыны  өтеу сомаларын қайта есептеуді көздейді. Мүгедек жұмысшылар екі түрге бөлінеді, дегенмен барлығы бірдей жағдайда, бірдей кәсіпорындар мен шахталарда жұмыс істеді. Толық абсурд және әлеуметтік кемсітушілік», - деді сенатор.

Депутат Серік Шайдаров осыған байланысты Үкімет басшысы Олжас Бектеновке еңбек қауіпсіздігі саласындағы жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар шараларды, атап айтқанда, экономикалық ынталандыруды адамға, оның құндылықтарына, қажеттіліктері мен басымдықтарына бағыттауды ұсынды.

«Жұмыс беруші қызметкерлердің денсаулығы, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты кәсіпорында басымдық болып табылатынына, әлеуметтік тұрғыдан жауапты болатынына кепілдік беруі керек. Жәбірленуші зейнеткерлікке шыққаннан кейін еңбек міндеттерін орындауы кезінде жоғалтқан табысы бөлігіндегі зиянды өтеу толығымен жұмыс берушіге жүктелу керек. Бұл зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорынға қатысты бола отырып, кәсіпорындарды жұмыс орындарындағы өндірістік тәуекел деңгейін төмендетуге, еңбекті қорғау саласындағы құзыреттілікті арттыруға және барлық қызметкерлерді сақтандыруға күш-жігер жұмсауға ынталандырады», - деді сенатор Шайдаров.

Серіктес жаңалықтары