22.02.2024, 10:17
Қоғам
«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры ұзақ жылға сотталды
Ол қатты көмірге бөлінген қаражатты қолды қылған
Фотоколлаж Azattyq Rýhy
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ол сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
«Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
08.11.2026, 18:13
Қызылордада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы аман-есен тапты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды