Ақмола облысында мердігер компания бюджеттен 27 млн теңгені заңсыз алған - прокуратура

Автор: Аягөз Құрмаш

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысында әкімдік жеке компанияға 27 млн теңгені заңсыз аударған. Есіл ауданының прокуратурасы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерген. Құзырлы орган мамандары мердігер компанияға орындалмаған жұмыс үшін бюджеттен жалпы сомасы 27 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз төленгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу сынды айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады. Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы. 

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар қайта басталды.