«Жайлы мектеп»: Биыл 217 білім ошағы қолданысқа беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауылдық жерлерге 163 мектеп салынады.

«Жалпы ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті (2025 жылы – 152) қолданысқа беру көзделген.

Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылуда. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынады», - деді министр Үкімет отырысында.

Бұл білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сонымен қатар жайлы мектептер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны сақтайды.