«Шалшықтар қатып қалды»: атыраулықтар жаңбыр суынан әлі арыла алмай отыр
Қар тазалау жұмыстарына барлығы 30 жүк көлігі, 17 жүк тиегіш, 140 қызметкер жұмылдырылған

Атырауда еріген қар суларын шығаруға жұмылдырылған ваккум арнайы техникасының саны 55-ке артты. Тәулік ішінде арнайы техникалар 550-ден астам рейс жасап, 9500 текше метрден астам еріген қар суын шығарған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy azh.kz-ке сілтеме жсап.
Әкімдіктің мәліметінше, қала аумағындағы қар тазалау жұмыстары да қатар жүруде. Қар тазалау жұмыстарына «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС-нен және жеке меншік иелерінен барлығы 30 жүк көлігі, 17 жүк тиегіш, 140 қызметкер жұмылдырылған.
Қазіргі кезде қала әкімдігі қала аумағында орналасқан кәсіпкерлік субъектілерге қала жағдайын жақсарту мақсатында өз нысандарының аумағын қар мен судан өз күштерімен тазарту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Күннен күнге шарықтаған ваккумдердің бағасы 15 мың теңгеге өскен. Оның өзі жеке үйлерге шақырғанға таңдап келеді.
Мәселен, біздің тілшіміз алдыңғы күні сағат 22:00-ге деп шақырған ваккум Сарыөзектегі кәріз суын төгетін жерде кезектің көптігінен келе алмайтынын жеткізген. Қардың суына толған ауладағы септикті сорғызу үшін 30-дан аса ваккумге хабарласқан, қоңырауға жауап бергендердің барлығы бірінші кезекте әкімдіктің тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің ауласын тазартып жатқандарын жеткізді.
«Қазір кәріз суын сорып жатқан жоқпыз, қар суын тазалаудан үлгермей жатырмыз. Септиктің суын төгетін КНС-қа та көлік көптігінен кеше 1 сағат кезекке тұрдық. Ал қар суын каналға төгіп жатырмыз», -дейді ваккум көлігінің жүргізушісі.
Әлеуметтік желіде атыраулық блогердің бірі судан көрінбей қалған жол шұңқырларының үстіне, «яма» деген белгілер қадап, жүргізушілердің алғысын алса, біреулер көшедегі көлге қармақ салып, балық күтіп отырған фотоларын салып сарказм посттар шығаруда.
Бүгін нөлден төмен температура басталғанда шалшықтар сырғанақ алаңына айналды, бұл жағдайды одан сайын қиындата түсті – тұрғындар құлап, бір жерімізді сындырып, майып етеміз бе деп қорқады.