Алексей Навальный түзету колониясында қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмаған

Фото ашық дереккөзден

Ресейлік қоғам қайраткері Алексей Навальный Харп ауылындағы түзеу колониясында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ресейдің УФСИН Ямало-Ненецкий автономдық аймағының мәлімдемесіне сәйкес, сотталған Навальный серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.

«16.02.2024 жылы №3 түзеу колониясында сотталған Навальный Алексей серуендегеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінді», - дейді ведомство өкілдері.

Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.

«Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты. Өлімнің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады олар.