Жамбыл облысында алимент төлемеген 56 адам қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде азаматтардың балалары алдындағы қарызы 1 млрд теңгеге жеткен

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Былтыр Жамбыл облысында азаматтардың балалары алдындағы қарызы 1 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларында 2023 жылы 27 548 баланың мүддесі үшін қарызы 1 млрд теңгені құрайтын алимент өндіру туралы 19 589 атқарушылық құжат орындауда болды.

Прокурорлық шаралармен 12 832 кәмелетке толмағандарды асырауға арналған 300 млн теңгеден астам қарыз өтелген.

Облыс прокуратурасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тартты (олардың берешек сомасы 25 миллион теңгеден асты).

56 адамға әкімшілік қамауға алу (алимент бойынша қарыз 17 млн теңге), ал 20 адамға әкімшілік айыппұл (8 млн теңге қарыз) қолданылды», - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (3 борышкерге қатысты сот үкімі шығарылды, 6 тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты тоқтатылды, 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, 2 сотқа жіберілді).

Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылды (барлығы бойынша атқару құжаттары жұмыс берушілерге жіберілді).