Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер рейд жүргізді
Солтүстік Қазақстан облысында карантин кезінде қоғамдық орындарда жүрген 58 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс полицейлері кешкі сағат 8:00-ден кейін рейд өткізіп, көшедегі жаяу жүргіншілердің азайғанын, дегенмен, көліктердің көп жүргенін анықтады.
«Бүгінгі күні жұмысын жалғастырып жатқандар кешкі уақытта жүрулеріне негіз жоқ екендерін түсінулері тиіс. Қазіргі кезде дүкендер мен басқа да ұйымдар сағат кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Бұдан кейбіреулерінің жұмыс пен үй арасына қатынауға берілген рұқсаттарын пайдаланып, қалада бейберекет жүретіндерін байқауға болады», – дейді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.
Оның айтуынша, такси жүргізушілері онлайн-тіркеу анықтамаларын көрсеткенмен, кешке адамдардың барлығы үйде отырған кезде қай жаққа бара жатқандарын түсіндіре алмаған.