3,5 млн артық өтініш келіп түскен
Қазақстанда 615 мыңнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлем тағайындалды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
10 сәуірдегі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 785 413 азаматтан барлығы 3 593 853 өтініш келіп түсті.
Осылайша, 1 млн 808 мың 440 қайталанатын өтінім тіркелді.
«Өтініштерді қарау мерзімінің ұзаруына жол бермеу үшін азаматтардан өтінішті бір рет беруді сұраймыз», - деп жазады шұғыл штаб өз хабарласында.