Ақмарал Әлназарова депутаттық мандатын өткізді

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол 7 ақпанда Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған болатын

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар А. Әлназарованың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Айта кетейік, 7 ақпанда Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Ол Ажар Ғинияттың орнына келді.

Ақмарал Шәріпбайқызы 1971 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994) «педиатрия», Қорқыт университетін (2006) «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, AMANAT партиясының мүшесі.