Мәжілістің жалпы отырысына Қошанов қатыспады

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазір ол ем қабылдап жатыр

Бүгін Президенттің қатысуымен өткен Мәжілістің жалпы отырысына Палата спикері Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты қатыспады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, Спикер коронавирус инфекциясын жұқтырған. Қазір ол ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, отырыста Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың кандидатурасы келісілді.