Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат бас бостандығынан айырылуы мүмкін – Игорь Лепеха

Автор: Аманалина Тоғжан

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға шыққан күдікті Нұрболат Дәкебаев жауапқа тартылады

видеодан кадр

Мәжілістің комитеті отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ер азамат бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«(Бұл дерек негізінде) қылмыстық іс қозғалды. Ол әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Лепеха Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде.

Еске салайық, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам табылған еді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ