Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Ақтөбеде көршісімен сөзге келіспей, оның бетіне түкіріп жіберген оқушылар сарайының директорына 69 мың теңге айыппұл салынды, сондай-ақ жәбірленушіге 30 мың теңге моральдық өтемақы төлейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy diapazon.kz-ке сілтеме беріп.
Анықталғандай, көршілер лифтіде кездесіп қалып, сол жерде жанжал туған. Сол сәтте әйел өзінің көршісі - ер адамның бетіне түкіріп жіберген. Оқиға есікке бекітілген бейнебақылау камерасына түсіп қалады.
Ер адам сотқа арызданады.
«Оның бұл әрекеті қоғамдық мораль нормаларын бұзады, кісіні қорлау, масқаралау және төмендету ниетін көрсетеді, - деді сот.
Сот оқушылар сарайының директорын кінәлі деп тауып, оған үкім шығарды.