Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 104-ке жетті
Қызылорда қаласында коронавирус жұқтырған жүкті әйел 9 сәуірде аман-есен босанды. Өмірге келген сәбиге жасалған тест нәтижесі оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», — деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 104-ке жетті, оның 4-еуі бүгін тіркелді.