$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мұқаев ауыл баласының спортпен айналысуына жағдай жасауды сұрады

Қаржыны 180 спорттың түріне емес, ауылдық спортқа бөлу керек

Мұқаев ауыл баласының спортпен айналысуына жағдай жасауды сұрады
Коллаж: Azattyq Ruhy / фото: pricom.kz

Мәжілістің комитет отырысында депутат Дәулет Мұқаев ауыл балаларының спортын дамытуға жағдай жасау керегін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«180 спорт түріне ақша бөлу – тым артық. Оны көріп те, сезіп те отырмыз, нәтиже жоқ. Қазақта «қойшы көп болса, қой арам өледі» деген сөз бар. Қазір тура соның нақты мысалын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, «ауыл балалары, ауыл спорты» дейміз. Бөлініп жатқан миллиардтарға ауыл балаларына арналған түрлі спорт клубы ашылса екен деймін. Бұл бір мәселе», - деді Мұқаев.

Депутаттың айтуынша, қаланың балалары жарысқа қатысудан ақша табады.

«Өкінішке қарай, ауыл балаларына ақша бөлінбейді. Жолының өзіне де бөлінбейді. Олар түрлі жарысқа қатысады. Республикалық, қалалық жарыстарға қатысқан кезде олар не істейді? Олар әлеуметтік желілерде қор ашып, ақша жинайды. Сол жиналған қаражатпен жарысқа барған ауылдың балалары нәтиже көрсетіп жүр», - деді депутат.

Мұқаев бөлінген қаржының бір бөлігіне балалардың жарысқа қатысу шығынын өтеуді ұсынды.

«Өздеріңіз білесіздер, ауылда жұмыс жоқ. Жұмыс болған күннің өзінде мектеп не балабақша ғана табыс көзі болып қалды. Көп ата-ана жұмыссыз. Қаржыны 180 спортқа бөле бермей, ауыл балаларының спортына бөлу керек», - деп ұсыныс жасады Мәжіліс депутаты.

Серіктес жаңалықтары