Қарағандыда 8,3 миллиард теңгенің жалған конкурстары жойылды

Автор: Azattyq Rýhy

16 конкурстың қорытындысы жойылды

Фото: gov.kz

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша құны 8,3 млрд теңгеден асатын 16 конкурстың қорытындысы жойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Күшін жоюға қаржылық тұрақтылық индикаторы негізінде әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейтін тапсырыс берушілердің келісім-шарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болды. Мысалы, Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігі үш жылдық мерзімге 136 миллион теңгеге ағаштарды санитарлық кесуге конкурс жариялаған», - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Бұл бір жылдан астам келісім-шарт жасасу негіздерінің толық тізбесін қарастыратын Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қайшы келеді.

Барлық бұзушылықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Жұмыс жалғасуда және прокурорлардың ерекше бақылауында.