«Депутаттардың құқығын шектейді»: Парламент Үкімет ұсынған қай нормаларды алып тастады

Автор: Аягөз Құрмаш

Депутаттар заң жобалары жайлы халықты хабардар етуді жалғасытрады

Фото: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында депутаттар Үкіметпен келісу жайлы норманы неге алып тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кеше жұмыс тобының отырысы болды. Біздің депутаттар тиісті түзетуді енгізді. Яғни, Үкімет ұсынған екі норма алып тасталынды. Ол нормамен депутаттар келіспейді. Қазір заң жобасында бұл нормалар жоқ. Бұл нормалар, шын мәнінде, депутаттардың құқықтарын шектейді. Демкоратиялық өзгерістерге қарама-қайшы келеді. Сондықтан мұндай нормалар болмауы керек. Ол депутаттар қабылданып жатқан заңдар жайлы халықты хабардар етпейді дегенді білдірмейді. Біз міндетті түрде хабардар етіп, заң жобаларын таныстыруымыз керек. Біздің ойымызша, Парламенттің қабылдап жатқан заңдары Үкіметтің дайындап жатқан заңдарынан аз хабарланып жатыр деуге болмайды. Одан көп беріледі. Депутаттардың жұмысы бүгінгі таңда шық, айқын. Сол үшін нормаларды алып тастадық», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, ақпаратқа қол жеткізу заңының жобасында депутаттар заң шығару бастамасын қолданған жағдайда, міндетті түрде Үкіметтің оң қорытындысын алу нормасын алып тастаған болатын.