Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ол қылмыстық істі тергеп-тексеруді оңайлатылған тәртіппен аяқтау үшін 500 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған. Күдікті кінәні толық мойындады», - делінген Антикор хабарламасында.
Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.