Тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздеуде жүр
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта еліміз бойынша 10 178 адамға іздеу салынған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеу салынғандардың 2 098-і – хабар-ошарсыз жоғалғандар.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі :
Сонымен қатар:
Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).
«Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр», - делінген прокуратура хабарламасында.
Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.