Жазда мұғалімдерді МӘМС жүйесінен шығарып тастау қашанға дейін жалғасады – Аймағамбетовтың жауабы

Автор: Аманалина Тоғжан

Жазда мұғалімдерге 3 айдың төлемі бірден жіберіледі

Фото: gov.kz

Осыған дейін мұғалімдер МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлесе де, дәрігерге көрінерде проблемаларға тап болатынын айтқан болатын. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында жақын арада бұл мәселе шешімін табатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл - үлкен мәселе. Бізде мыңдаған мұғалім ай сайын МӘМС-ке жарнасын төлеп отырса да, еңбек демалысынан шыққанда оларға «Сіз МӘМС-те жоқсыз» дейді. Неге жоқ екенін сұраса, жарна төлемегенін айтады. Неге? Өйткені бізде кем дегенде үш ай бойы жарна төлемесең, онда МӘМС жүйесінен шығып қалатын норма бар», - деді депутат.

Оның айтуынша, мұғалімдер еңбек демалысына кетерде есепші оларға бірден үш айдың жарнасын бір төлеммен аудара салады. Ал оны МӘМС-тің жүйесі танымайды.

«Жүйе қаражаттың көп түскеніне қарамастан, автоматты түрде мұғалімдерді МӘМС-тен алып тастап жатыр. Сол себепті біз Денсаулық сақтау жүйесіне талап қойдық. Қазір ведомтсво осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Жақын арада бұл мәселе толығымен шешімін табады», - деп түсіндірді депутат Асхат Аймағамбетов.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ