$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«300-ге жуық шаруа қожалығы бес жылдан бері қол қусырып отыр»: депутат Жамбылдағы су тапшылығы жайлы

Ол Үкіметті осы мәселені шешуге шақырды

«300-ге жуық шаруа қожалығы бес жылдан бері қол қусырып отыр»: депутат Жамбылдағы су тапшылығы жайлы
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысындағы су тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Су ресурстардың халыққа қолжетімді болуы аса маңызды, ол үшін каналды жаңғыртып, инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет. Онсыз шаруалардың күні қараң» деп айтты.

Өткен жылы жазда Жамбыл облысында ағын су тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі», - деді Гүлдара Нұрымова.

Ол атағандай, қазіргі қиын жағдайда осы уақытқа дейін саладағы салынбаған каналдармен проблемалар маңызды рөл атқарды.

«Онтүстік өңірлердің, сонын ішінде Жамбыл облысының тұрғындары органикалық өнімдерді өсіруге, азық-түлік қауіпсіздігіне сапалы өнімдермен үлес қосуға дайын, бірақ суармалы сумен қамтамасыз етілмейді.

Бір мысал: Жамбыл облысының Шу аудандағы Дулат, Қонаев және Балуан Шолақ ауылдық округтеріндегі тозған 12 каналдарды жөндеу мақсатында иррегациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру (ПУИД-2) бағдарламасы 2019 жылы бастау алған», - деді ол.

Депутат атағандай, мердігер СП «ЭРЭН-НТФ Иншаат Тиджарет Шикерти» Түрік компаниясы жұмыс жүргізген. Жоба құны – 3,85 млрд теңге.

«Осы бас мердігер ұйымның жұмыс қарқынының өте төмендігіне байланысты келісім шарт бұзылды. 2022 жылы жоба қайта қаралып, құны 4,875 млрд теңгеге өскен. Жоба аясында ауданның 12 шаруашылық каналы және екі коллектор жүйесінің құрылыс-жөндеу жұмыстары қарастырылған. Аяқталу мерзімі 4 ақпан 2023 жылы болған.Алайда, жұмыстар жүргізілмей, тоқтап тұр. Бұл лауазымды тұлғалардың жағынан тиісті бақылауы мен жауапкершілігі болмауына байланысты.

Дулат ауылдық округінің Бәйдібек, Бөлтірік шешен ауылдардың тұрғындармен кездесу барысында осы округтің 140 шаруа қожалықтары, ал 3 ауылдық округтарын қоса алғанда – 300-ге жуық шаруа қожалықтары, бес жылдан бері жеп отырған нанынан ажырап, қол құсырып отырғандарын айтып, осы мәселені үкіметке жеткізіп, тез арада шешілуін сұрады», - деді ол.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде депутат бірқатар ұсыныс енгізді:

  • ПУИД-2 жобасы бойынша каналдардың құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтап, халық игілігіне беру;
  • Жоғарыдағы фактілер бойынша тексеріс ұйымдастыру.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары