$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бізді Билл Гейтс пен Илон Маск қорғай ма?»: депутат жер сілкінісінде хабарландырудың нашар болғанын сынады

Тұрғындарға әлемдік сервистен ескерту хабарламалары келген

«Бізді Билл Гейтс пен Илон Маск қорғай ма?»: депутат жер сілкінісінде хабарландырудың нашар болғанын сынады
Фото: forbes.kz

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ақпараттандыру, хабарландыру жұмыстары өте нашар болған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев халықты қауіптен хабардар етудің өте нашар екенін айтты. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы талқыланып жатыр,

«Кешегі Алматыдағы жер сілкінісі азаматтарға ақпарат берудің кемшіліктерін айқындап берді. Алматыда болған дүмпулер Қырғызстанда, Өзбекстанда және Қазақстанда сезілді. Google Аndroid арқылы алматылықтарға хабарлама жіберген. Осылайша, тұрғындар ақпаратты өзіміздің ТЖМ мен ұлттық оператордан емес, әлемдік сервистерден алды. Осындай қиын-қыстау заманда біздің қауіпсіздігіме кім жауап береді? Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па? Біздің ақпараттандыру жұмыстары неге дұрыс жұмыс істемейді?», - деп сұрақ қойды Пономарев заңды түсіндірген Екатерина Смышляеваға.

Заң жайлы баяндаған Смышляева бұл мәселеге кінәлі болғандар анықталатынына сенім білдірді.

«Ақпараттың дереккөзі мүмкін дер кезінде жетпеді. Ақпараттандыру да уақытылы жетпеген шығар. Бірақ бізде заң бойынша ұялы операторлардың қысқа смс жіберу бойынша міндеттемесі бар. Ол бір күннің ішінде жіберілуі мүмкін, яғни ешқандай шектеу жоқ. Біз ТЖ кезінде қысқа әрі жылдам келетін смс-терді жіберу бойынша қайта қарауымыз керек. Сондықтан заң жобасы аясында міндеттемені қарай аламыз. Сондай-ақ кеңжолақты хабар тарататын технологиялар бар. Олар бүгінде өндірістік жұмысқа енгізілмеді, тек пилоттық жобада жұмыс істеп жатыр. Бұл технология бойынша да жұмыс істеу керек. Оны бюджеттік комиссия аясында қарау керек, себебі бюджеттік қаржыны қажет етеді», - деді Смышляева.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.

Серіктес жаңалықтары