Шымкенттегі тарихи мешітке қатысты дау шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ғимаратты сүруге сәулет басқармасы келісім берген

Фото: almaty.tv

 «Шымкентте бір жарым ғасыр тарихы бар нысан енді жоқ». Мән-жайды баяндап әлеуметтік желіге жариялаған тұрғынның видеосы көпшілікті бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Бұл – Шымкенттегі жалғыз-тарихи мешіт аумағы. Ғимарат 19 ғасырдың соңында бой көтерген. Иесі «атадан балаға мирас боп қалған нысанды күтіп-баптау оңай емес» дейді. Шағымын айтып әкімдікке талай барған. Алайда атқамінерлерден жарыған жауап болмапты.

«Әкім музей жасайық деп бардым.Көнбеді. Мешіттің атын атасаң қашады. Оның алдындағы әкімдер де сөйтті. Мен рұқсат бердім», – деді мешіт иесі Сейдахан Мамыров.

Әкімдік есігін жағалаған мешіт иесі апатты деп танылған маңындағы ғимаратты сүруге бел буған. Бірақ бұл көпшілік шу шығарған тарихи мешіт емес. Ол 1980 жылы бой көтерген медресе. Орнына демеушілер көмегімен көліктер тұрағын салмақ.

«Медресе 1980 жылы салынып, 1986 жылы пайдалануға берілген. Медресенің біреуін 2014 жылы мердігерлер арқылы бастан-аяқ жөндеткенбіз. Бірақ келесі ғимарат тұрған еді. Апаты ,имарат болған соң, сүрілді», – деді Шымкент қаласының имамы Бақдәулет Әбдірахманов

Шыққан шуға жағдайды бүгін ғана естідім деген шаһар басшысы да араласты.

«Мен әлеуметтік желілерден таңертең білдім. Тек мешіт мәдени ғимараттардың тізіміне кіреді», – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Мешіт – қаладағы тарихи орындардың бірі. Ал жанындағы ғимаратты сүруге сәулет басқармасы келісім берген. Бірақ қала әкімі бейхабар болып шықты. Ал ғасырдан астам тарихы бар мешіттің болашаққа музейге айналар, айналмасы әлі белгісіз.