Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты – сенатор

Балаларға қатысты 2452 қылмыс жасалған

Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты – сенатор
Фото: freepik.com

Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова Facebook парақшасында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутат атағандай, бір жыл ішінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша 99 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

«2023 жылы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Ешкімді бей-жай қалдырмаған бірнеше резонанстық жағдайлар болған», - дедід сенатор.

Ол заңды талқылауға қоғам болып қатысуға шақырды.

«Президент атап өткендей «егер қоғамда агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» болмаса, кез келген заңнамалық өзгерістер тиімді болмайды». Отбасы институтын нығайту, өсіру, адам құқықтары мен жеке тұлғаны құрметтеу, ішкі өзара сыйластық - егер осы компоненттердің барлығы тепе-теңдікте болса, онда Отан сол жерден басталады. Қасиетті және мызғымас  адам құқықтарын қалыптастыру қажет. Қазақстандықтарда мейірімділіктің, өзара төзімділіктің, сезімталдық пен сыйластықтың бірегей мәдениеті қалыптасқан және бұл біздің қоғамымыздың аса құнды ерекшелігі. Біз өте жарқын және қарапайым адамдармыз. Енді ең бастысы-отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын түзету, бірақ оны бірге жасау керек. Мәжіліс пен Сенаттағы заңды талқылауға қосылыңыз, оны қорғау қажет, ал қоғамның қолдауынсыз депутаттарға қиын болады», - деп жазды ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.