Павлодар облысында 10 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды

Автор: Azattyq Rýhy

26 жастағы әйел 8 қаңтарда түскі уақытта Ертіс ауданы Қызылжар ауылынан таксимен Павлодарға кеткен еді

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйден Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен 26 жастағы Диана Сағынтаеваны тапты, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Бәріңізге рақмет! Оны полиция қызметкерлері тапты, ол тірі», - деп жазды VITA іздеу тобының еріктілері Instagram-дағы парақшасында.

Екі баланың анасы осынша күн бойы қайда болғаны және неліктен жоғалып, байланысқа шықпағаны әзірше белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында екі баланың анасы іздестіріліп жатқаны туралы БАҚ беттерінде жарияланған еді. 26 жастағы әйел 8 қаңтарда түскі уақытта Ертіс ауданы Қызылжар ауылынан таксимен Павлодарға кеткен.

Ол қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты 21:00 шамасында такси жүргізушісінен Сәтбаев-Торайғыров қиылысындағы субұрқақтың жанына түсіріп кетуін өтінген. Оның әрі қарай қайда кеткенін ешкім көрмеген болатын.