БҰҰ ұйымы сенім артып отырған миссияның құны теңгемен бағаланбауы керек – Бапи
Ол басқа құндылықтармен бағалануы тиіс екенін айтты
Парламент кулуарында депутат Ермұрат Бәпи БҰҰ артқан миссия жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен мұның нақты санын тиынына дейін айта алмаймын. Менің білуімше, 7 миллиард теңгенің көлемінде қаржы бөлінген. Бұл – тұтас миссияға арналған қаражат. Бітімгерлерді Таяу Шығысқа жеткізу – үлкен шығын. Олардың әскери техникасы ұшақпен жеткізілуі керек. Сондықтан әскерді жеткізу шығыны Қазақстанның мойнында. Кейін ротация жұмыстары болады, одан кейін тағы да әскер барады, оның да шығыны бар. Бұл шығын – қазіргі жағдайда Қазақстан үшін, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі Ресейдің ықпалынан шығып, өз алдына тәуелсіз саясат құрып жатқанын көрсетеді. БҰҰ ұйымы сеніп артып отырған миссияның құны біз үшін теңгемен емес, басқа бір құндылықтармен бағалануы керек деп ойлаймын», - деді Ермұрат Бәпи.
Еске салсақ, Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысуға әскер жібереді. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында денбес бейбіт бітімгерлік миссияға 139 әскери сарбаз аттанатынын айтты.