Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

Автор: Еркежан Айтказина

Көлік қарыз толық төленгенше қайтарылмайды

Фото: Polisia.kz

Шымкентте ондаған миллион теңге қарызы бар жүргізуші көлігінен айырылды. Қарызын төлеуден қашып жүрген жігіттің берешегі 33 миллион теңге болған, хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі  Polisia.kz сілтеме жасап.

Борышкерді қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары тоқтатқан.

Полиция мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табады.

Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін, иесі қарызды толық төлеуі тиіс.