Ол келгелі басшылықта «Ескі Қазақстан» өкілдері көбейген
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи Тимур Құлыбаев басқаратын Ұлттық олимпиада комитетінің жұмысын сынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ітлшісі.
«Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгелі бері еліміздің спорттық жетістіктері құлдырай бастады. Мысалы, Токиодағы соңғы Жазғы олимпиада ойындарында спортшыларымыз бірде-бір «алтын» немесе «күміс» медаль алған жоқ, тек 8 қола медальмен қайтты. Ал медальдық есепте еліміз 83-орынға бір-ақ түсті! 1994 жылдан 2014 жылға дейінгі Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұрақты түрде 4-5 орын алып келген еді. 2018 жылы біз 9-орынға, ал 2023 жылы 11-орынға түстік. Шамамен, Парижде де осының кебін киюіміз әбден мүмкін. Бұл біздің құрамамыз дербес ел ретінде Қазақстан атынан қатысатын сегізінші олимпиада ойындары болмақ», - деді ол.
Бапидың айтуынша, осы тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз 11 спорт түрінен 14 алтын, 22 күміс және 35 қола медаль жеңіп алған.
«1996 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан барлық Жазғы олимпиада ойындарында ешқашан алтынсыз қалмай, әлемдегі үздік 40 елдің қатарынан түспеді. Бұл ретте, елімізде футболдың біршама қарқынды дамып жатқанын атап өткен жөн. Ел Президентінің өзі ұлттық құрама ойынына қолдау көрсету үшін, соңғы кездері футболға арнайы барып жүр. Тағы бір атап өтерлік жайт – Тимур Құлыбаев келгелі Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығына кілең «Ескі Қазақстанның» өкілдері іріктеліп алынды. Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх-достары өріп жүр.
Сонымен қатар Комитетке мүше болып сайлануға 70 жастық шектеу белгіленген. Қазіргі мүшелердің ішінен бұл өлшемнен асып кеткендер де, күні ертең толайын деп отырғандар да бар», - деді ол.
Ермұрат Бапи атағандай, «Ұлттық олимпиада комитеті басқарушы органының осындай шал-шауқандар құрамымен қандай жеңіске жетуге болады?»
«Оның үстіне, баршаға мәлім, Тимур Құлыбаев Қазақстанның ең ірі 50 жеке бизнесі қатарына кіретін компаниялардың активтерін иелене отырып, бірқатар ірі бизнес жобаны бақылайды. Оның ішінде: «АЛМЭКС» холдингтік тобы, «Каспий Мұнай» және «Retro Retail» мұнай компаниялары бар. Мұндай шамадан тыс жүктемемен оның олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүлдем уақыты жоқ деуге болады! Оның ойы – елдің мұнайын сатып, қалтасын толтыру. Спортты қайтсін?! Сондықтан да Ұлттық олимпиада комитетінің жұмысында «Әділетті Қазақстан» бағытында трансформация әлі де жүріп жатқан жоқ. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет Ұлттық олимпиада комитеті мен федерациялар арасында тиісті үйлестірудің жоқтығын атап өтті. Тиімді қарым-қатынастың, өзара әрекеттестіктің, өзара көмектің болмауы теріс нәтижелерге, жеңіліске алып келеді», - деді ол.
Ол атағандай, Париж олимпиадасы қарсаңында мұндай жағдайға мүлдем жол берілмеуі тиіс.
Ол Ұлттық олимпиада комитетіне түбегейлі өзгерістер керек екенін айтып, бірқатар ұсыныс жасады: