Оның қуаты 500 МВт болмақ
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында алдағы жылдарда жүзеге асыратын жоспар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Жоспарда қуаты 6,7 (алты да жеті) ГВт жаңа генерация салу көзделген. Маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт газ станцияларын салу жоспарланып отыр. Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаты 500 МВт жаңа жылу электр орталығын салу көзделген.Сондай-ақ қуаты 5 ГВт ауқымды жобалар стратегиялық инвесторлармен пысықталып жатыр», - деді министр.
Оның айтуынша, ЖЭК секторының жоғары әлеуетіне байланысты ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар аясында министрлік 5 жылдық кезеңге аукциондық сауда-саттық өткізу графигін әзірлеп бекітті. Аукционға жалпы 6,7 ГВт шығарылады. Бұл ретте өткізілген аукцион қорытындысы бойынша 2027 жылдың соңына дейін 592 МВт енгізу жоспарланып отыр.2029 жылға дейін күтілетін инвестиция көлемі 18 трлн теңгеден асады», - деді ол.
Сәтқалиевтың айтуынша, осы жобаларды іске асыру энергия жүйесіндегі тапшылықты жоюға және қажетті қуат резервімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жоспарланып отырған генерациялау объектілері электр қуаттарындағы тепе-теңдікті және электр желілеріне біркелкі жүктемені қамтамасыз ету мақсатында энергия жүйесі бойынша шашырап орналасқанын атап өткім келеді», - деді ол.